Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,38% -ға 2265,34 -тен 2273,91-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,7 есе түсіп, Т104,8 млн. немесе $276 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,2%), «Кселл» АҚ (+1,9%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,01%), «KEGOC» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түсті.
Бейсенбі күні KASE индексі 0,38%-ға 2273,91-ге өсті
