Бейсенбі күні KASE индексі 0,39%-ға 2197,86-ға өсті

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,39% -ға 2189,26-дан 2197,86-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 30,3% өсіп, Т38,7 млн. немесе $99,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,5%), KAZ Minerals PLC (+2%), «Кселл» АҚ (+0,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,6%), «KEGOC» АҚ (-0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,6%) бағасы түсті


adimage