Бейсенбі күні KASE индексі 0,39%-ға өсіп, 2362,17-ге жетті

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,39% -ға 2352,99-дан 2362,17 дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 7,2% түсіп, Т64 млн. немесе $169,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» (+1,2%), KAZ Minerals PLC (+0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,7%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Кселл» АҚ (-0,3%) және «KEGOC» АҚ (-0,02%) бағалары түсті.

adimage