Бейсенбі күні KASE индексі 0,4% -ға 2278,3-ке өсті

Күні: 18:16, 31-01-2019.

Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,43% -ға 2 268,51 -ден 2 278,33-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, Т161,8 млн. немесе 426,4 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%), KAZ Minerals PLC (+1,0%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,9%), «Кселл» АҚ (+2,9%), «KEGOC» АҚ (+0,5%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Қазақтелеком» АҚ (-3,8%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: