Бейсенбі күні KASE индексі 0,5%-ға 2443-ке түсті

Күні: 19:25, 04-04-2019.

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,50% -ға 2455,29-дан 2443,00-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 36,6% түсіп, Т86,7 млн. немесе $229,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,0%), KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,5%), «KEGOC» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,7%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,0%) акцияларының бағасы төмендеді


Жаңалықтармен бөлісу: