Бейсенбі күні KASE индексі 0,8%-ға 2367,6-ға өсті

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,79% -ға 2348,95-тен 2367,60-қа дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 20,5% түсіп, Т102,3 млн. немесе $272,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,5%), KAZ Minerals PLC (+1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Кселл» АҚ (+0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (+1,6%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,8%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «KEGOC» АҚ (-0,2%).акциялары төмендеді.

adimage