Бейсенбі күні KASE индексі 0,8%-ға 2484,7-ге түсті

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,84% -ға 2505,86-дан 2484,72-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,3 есе түсіп, Т240 млн. немесе $635,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,5%), «KEGOC» АҚ (+1,7%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,4%), «Кселл» АҚ (-1,1%), «Қазақтелеком» АҚ (-5,7%) акцияларының бағасы түсті.

adimage