Бейсенбі күні KASE индексі 0,85%-ға 2332,86-ға өсті

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,85% -ға 2313,21-ден 2332,86-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 8,7% өсіп, Т691,2 млн. немесе $1775,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2,8%), KAZ Minerals PLC (+1,5%), «KEGOC» АҚ (+0,2%), «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ (+3,3%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,7%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%) және «Кселл» АҚ (-0,6%) бағасы түсті.

adimage