Бейсенбі күні KASE индексі 0,99%-ға 2310,1-ге түсті

Күні: 19:12, 02-05-2019.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,99% -ға 2333,17 -ден 2310,13-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,6 есе өсіп, Т975,5 млн. немесе $2561,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,9%) мен «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,1%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,01%), KAZ Minerals PLC (-4,9), «Кселл» АҚ (-1,6), «KEGOC» АҚ (-0,8) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,2%) акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: