Бейсенбі күні KASE индексі 1,1%-ға 2399,2-ге түсті

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,13% -ға 2426,73-тен 2399,20-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 32,1% түсіп, Т409 млн. немесе $15079,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (-0,03%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-3,7%), «KEGOC» АҚ (-0,02%), «Қазақтелеком» АҚ (-2,7%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,0%) акцияларының бағасы түсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.

adimage