Бейсенбі күні KASE индексі 1,28%-ға 2251,52 –ге түсті

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,28% -ға 2280,81 -ден 2251,52-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 95,7 есе өсіп, Т5098,2 млн. немесе $13,2772 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,5%) акциясының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), KAZ Minerals PLC (-2,3%), «Кселл» АҚ (-2,8%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-3,8%) акцияларының бағасы түсті.
«Қазақтелеком»» АҚ акциясының құны өзгерген жоқ.

adimage