Бейсенбі күні KASE индексі 1,6%-ға 2179,48-ге түсті

Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,6% -ға 2214,84-тен 2179,48-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,3 есе өсіп, Т762,3 млн. немесе $1982,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), KAZ Minerals PLC (-1,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «Кселл» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (-6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,2%) акцияларының бағасы түскен.

adimage