Бейсенбі күні Маңғыстау облысында күн күркіреп, бұршақ жауады

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Маңғыстау облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 23 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласы: Күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage