Астана. 24 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Маңғыстау облысында өте қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде өте қатты ыстық 43 градус күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Бейсенбі күні Маңғыстау облысында өте қатты ыстық күтіледі
