Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 24 қыркүйекте кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ: 24 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85-90%», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
24 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 24 қыркүйекте облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қарағанды қ.: 24 қыркүйекте батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы – 70-75%.
«Таңертең және күндіз 24, 26 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең 25-26 қыркүйекте кей жерлерде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. 24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 24 қыркүйекте жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді «Қазгидромет».
24 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қ: 24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.
«24 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%», - деді синоптиктер.
24 қыркүйекте Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Талдықорған қ.: таңертен және күндіз 24 кыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

adimage