Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді, Шымкентте күн бұлтты

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді, Шымкентте күн бұлтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күндіз және түнде жаңбыр жауып күн күркірейді, 9-14 м/с жел тұрады. Күндіз +21+23, түнде +13+15.
Алматыда күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 13 м/с жетеді. Күндіз +28+30, түнде +18+20.
Шымкентте күндіз бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз +29+31, түнде +17+19.

adimage