Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«02 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстік ауданында 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 2 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Султан қ.: 02 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Қостанай қ: күндіз 2 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage