Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Шымкент пен тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 ақпанда Ақмола облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Нұр-Сұлтанда 13 ақпанда кейде жаяу сырма соғады. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Түркістан облысында бейсенбіде кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Шымкентте түнде және ертеңгісін 13 ақпанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«13 ақпанда Қызылорда облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген хабарда.
Қостанай облысында бейсенбіде кей жерлерде жаяу сырма соғылады, тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жаяу сырма соғады. Оңтүстік-шығыстан күндіз кей жерлерде тұман түседі, күндіз жаяу сырма соғады. Оңтүстік-шығыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26