Бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткінші жаңбыр жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз

Күні: 09:26, 01-08-2019.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткінші жаңбыр жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +20+22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +22+24.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +23+25.


Жаңалықтармен бөлісу: