Бейсенбі күні Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 15:19, 03-07-2019.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 күтіледі. Петропавл қ: 4 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Даулыды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«4 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 4 шілдеде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: