Бейсенбі күні Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қыметінен.
«10 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 10 қазанда оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде. .
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage