Бейсенбі күні Қостанай облысында күшті жел тұрады деп болжануда

Күні: 15:29, 14-08-2019.

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қостанай облысында күшті жел тұрады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 15 тамызда найзағай, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: