Бейсенбі күні СҚО-да бұршақ жауады деп күтілуде

Күні: 15:37, 31-07-2019.

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 01 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36 градус күтіледі. Петропавл қ: 01 тамызда түнде және таңертен тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: