Бейсенбі күні СҚО-да бұршақ жауып, жел тұрады

Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауып, жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 22 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage