Бейсенбі күні Шымкент және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Шымкент және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік- шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 8 тамызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 8 тамызда кей уақытта шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage