Бейсенбі күні Шымкентте және алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Шымкентте және алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қазанда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 21 қазанда күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Түркістан қ.: 21 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
21 қазанда күннің екінші жартысында Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с күтіледі.
«21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 21 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», - делінген хабарда.
21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
«21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың шығысыңда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с.

adimage