Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«28-29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 28, тәулік бойы 29 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 29 мамырда кей жерлерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 29 мамырде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 29 мамырда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«28 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41°С қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Қызылорда қ.: 28 мамыр шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage