Бейсенбі күні Түркістан және Маңғыстау облыстарында күшті жел, тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Түркістан және Маңғыстау облыстарында күшті жел, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 қаңтар күні Түркістан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, 10 қаңтарда күндіз Шымкент пен Түркістанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады.
«10 қаңтар күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage