Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Бәйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Антициклонның әсерінен республика бойыша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман, жел күшейеді, жекелеген аудандарда шаңды дауыл тұрады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, батыстан оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады, +17+19. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, +15+20.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +17+22, +10+15.
Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, 15-23 м/с жел тұрады, +18+23.
Қызылорда облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +19+24
Павлодар, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облыстарында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, +13+18, +15+20, +16+21, +28+33.
Түркістанда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +23+28, +25+30, +25+30.
Ақтөбе және Ақмола облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, +20+25 және +15+20.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.Қапшағай ГБ төмен жағындағы Іле өзенінде су деңгейінің көтерілуі ары қарай жалғасады.
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
