Бейсенбіде Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы арзандады

Күні: 09:22, 28-02-2019.

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбіде Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы арзандады, деп хабарлады Kurs.kz.
Астана қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы T376, сату - T377,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т375,7, сату – Т377,6.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т376,8, ал сату - T377,8
ҚР Ұлттық банкі сайтында жарияланған $1 ресми бағамы Т377,26 құрап отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: