Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігінде бейсенбі күні көктайғақ пен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, тұман, солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Астана қ.: 8 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші таңертең және күндіз 15-20 м/с күшейеді. 8 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Петропавл қ: 8 қарашада батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын болады.
Бейсенбіде Қазақстанның солтүстігінде көктайғақ пен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды
