Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қолайсыз ауа райы салдарынан Батыс Қазақстан облысында бейсенбіде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 17-22 м/с күтіледі. Орал қ.: 14 наурызда тұман, көктайғақ, күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Бейсенбіде БҚО-да қатты жел тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде
