Бейсенбіде KASE индексі 0,01% -ға түсіп, 2251,9-ға жетті

Күні: 19:05, 22-11-2018.

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,01% -ға түсті – 2252,14 -тен 2251,86-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,4 есе түсіп, 67,2 млн. теңгені немесе 183 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,02%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2,8%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%),  «Кселл» АҚ (-1,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: