Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттығының қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 2167,5-тен 2165,42-ге дейін 0,1% төмендеді.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда 2,8 есе төмендеп, 33,2 млн теңгені немесе 85,5 мың долларды құрады.
Биржаның мәліметінше, сауда-саттық барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+ 1,3%), KAZ Minerals PLC (+ 0,5%), «Кселл» АҚ (+ 0,7%) және «КазТрансОйл» АҚ (+ 0,01%) акцияларының бағаға өсті.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (-1,4%), «KEGOC» АҚ (-0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,1%) акциялары арзандады.
Бейсенбіде KASE индексі 0,1% -ға 2165,42 дейін төмендеді
