Бейсенбіде KASE индексі 0,15% -ға өсіп, 2246,16-ға жетті

Күні: 18:23, 29-11-2018.

Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,15% -ға өсті – 2242,77 -ден 2246,16-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3  есе өсіп, 83,8 млн. теңгені немесе 225,3 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KAZ Minerals PLC (+1,9%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (+1,1%),  «KEGOC» АҚ (+0,4%) акциялары қымбаттады
Ал   «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,4%),  «Қазақтелеком» АҚ (-0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,1%) акциялары түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: