Бейсенбіде KASE индексі 0,4% -ға өсіп, 2213-ке жетті

Күні: 18:56, 01-11-2018.

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,37% -ға өсті – 2204,81-ден 2213,03-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2 есе түсіп, 56,9 млн. теңгені немесе 153,6 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында Kaz Minerals PLC (+2,8%), «KEGOC» АҚ (+0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,03%) акциялары қымбаттады.
Ал  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,8%) және «Кселл» АҚ (-0,03%) акцияларының бағасы түсіп кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: