Бейсенбіде Қостанай облысында бұршақ жауып, жел күшейеді

Күні: 15:15, 28-08-2019.

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбіде Қостанай облысында жел күшейіп, бұршақ жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«29 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Түнде шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 29 тамызда Қостанай қаласында күн күркіреп, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», - делінген сәрсенбідегі дауылдық ескертуде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 90-95% деп бағалайды.


Жаңалықтармен бөлісу: