Бейсенбіде Түркістанда және Жамбыл облысының таулы аймағында қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ және бұрқасын күтіледі

Күні: 19:12, 19-12-2018.

Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбіде Түркістанда және Жамбыл облысының таулы аймағында қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ және бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтілед», - делінген бейсенбідегі дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, алдағы сағаттарда, 20 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жаууы, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
«Тараз қаласында алдағы сағаттарда, 20 желтоқсанда түнде және таңертең қатты қар жаууы, тұман, көктайғақ күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: