Бейжіңде коронавирустен бір адамның өлімі тіркелді – БАҚ

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ - Бейжіңде коронавирустен бір адамның өлімі тіркелді, деп хабарлады ТАСС.
«Қытай елордасының билігі дүйсенбі күні пневмонияның жаңа түрінен (коронавирус- ҚазТАГ) бір адамның өлімін тіркеді. (...) Билік хабардар еткендей, Бейжіңде пневмониядан 50 жасар ер адам көз жұмған, ол 15 қаңтарда Уханнан келген екен», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Қытайдың Орталық телевидениясының ақпарынша, Бейжіңде ауруды жұқтырғандар саны тағы сегіз адамға өсті – 80 адам ауырып жатыр, олардың 12-сінің жағдайы ауыр. Коронавирус қаланың 10 ауданында тіркелген.
Қытайлық өңірлердің ресми ақпарына сілтеме жасаған «Ванъи» ақпараттық порталының ақпарынша, пневмонияның жаңа түрін жұқтырған ҚХР халқының саны дүйсенбі күні кешкісін 2857 адамға жеткен.
«Ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары елдің түрлі бөлігінде тіркелді, соның ішінде Тяньцзин (солтүстігі), Бейжің мен Цинхай провинциясында (солтүстік-батыс)», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі орын алды. Соңғы ақпарға сәйкес, қазір 2.7 мың науқас тіркеліп, олардың 80-і көз жұмған. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанда да пневмонияның өршуіне орай әуежайлар мен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейтті. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға коронавирустың таралуына орай Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға ұсыныс білдірді. ҚР СІМ ақпарынша, Қытайдың Ухань қаласында 98 қазақстандық студент қалып отыр.
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іске қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойына хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы және аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты ақпарат ала алады.

adimage