Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда:
«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді», - делінген Ақорданың ресми сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.
Сонымен қатар:
* * *
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет Басшысының Өкімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
* * *
Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп көрсетілген сәрсенбі күні Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03
-
Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды7 Маусым 2023, 19:02
-
Қасымбек Тоқаевқа Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады7 Маусым 2023, 18:46
-
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын «Антикор» растады7 Маусым 2023, 18:40