Билік талдықорғандықтарға көмірді алдын-ала сатып алуды ұсынды

Күні: 19:05, 02-10-2018.

Талдықорған. 2 қазан. ҚазТАГ – Билік талдықорғандықтарға көмірді алдын-ала сатып алуды ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Тұрғындарға қысқа алдын-ала қам жасап, көмірдің қажет мөлшерін сатып алу керектігін ескертеміз», - деп хабарлады сейсенбіде Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, бұл кезекті жылыту маусымының басталуына байланысты.  
«Алдағы жылыту маусымының басталуына орай жылумен жабдықтау мекемелеріне көмір жеткізу маусымы басталады. Бұл қатты отын жеткізушілердің вагондар санының қысқаруына алып келуі мүмкін», - деп түсіндірді қалалық әкімдіктен.  


Жаңалықтармен бөлісу: