Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Билік Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек ретінде Т1 млн-нан төлейді, деп хабарлады ZhambylNews.
«Қалалық билік тарапынан қаза болғандардың туыстарына материалдық көмек ретінде 1 млн-нан төленетін болады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 27 ақпанда сағат 6.21-де Таразда 9 ықшамауданында орналасқан нөмірі 62-ші үйдің төртінші подъезінде үш қабатта жарылыс болды. Ақпарға сәйкес, ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника жұмылдырылды, үйдегі барлық тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Үйінді астынан сегіз адам табылды, қаза болғандар бар. Зардап шегушілердің жағдайы тұрақты ауыр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдегендей, қаза болғандардың арасында бала да бар. Кейін вице-премьер Жеңіс Қасымбек тоғыз адамның зардап шеккенін нақтылады
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша вице-премьер Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды, комиссия мүшелері Таразға оқиға орнына ұшып кетті. Жағдайға түсінік берген мемлекет басшысы мұндай жағдайда өңірлік билік пен азаматтардың өзінің жауапкершілігі керек екенін мәлімдеді.
Жарылыс болған үйдің тұрғындары маңайдағы №47 мектепке орналастырылған, ыстық тамақ жеткізу ұйымдастырылған, уақытша тұрақ үшін қажетті жағдайлар жасалды. Дәрігерлер, психологтар жұмыс жасап жатыр.
ТЖК алдын-ала ақпары бойынша, жарылыстың орын алуына газ құралын дұрыс пайдаланбау себеп болған.
Жедел штаб құрылып, жедел желі нөмірі іске қосылды: +7(7262)51-35-75.
Билік Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасыларына Т1 млн-нан төлейді
