«Бiлiм ал» компьютерлік бағдарламасы ата-аналар бақылауын күшейтуге көмектеседі

Қарағанды. 30 қыркүйек. ҚазТАГ - «Бiлiм ал» компьютерлік бағдарламасы ата-аналар бақылауын күшейтуге көмектеседі, деп хабарлады Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов.

«Алдағы уақытта «Білім ал» бағдарламасында ата-аналар баласының мектеп қабырғасындағы іс-әрекетінен хабардар бола алатын бөлім пайда болады. Егер баласы сабаққа келмесе, мұғалім оны жоқ деп белгілейді, ал аталмыш бағдарлама хабарды ата-анасының электронды мекенжайына жібереді. Мекенжайлар қазір жиналып жатыр, ол жарты жыл сайын жаңартылып отырады», - деді А.Аймағамбетов бірыңғай облыстық онлайн-режимінде өткізілген жалпы мектептік ата-аналар жиналысы барысында.

Облыстық бірыңғай жалпы мектептік ата-аналар жиналысында балаларды ғаламтордың жағымсыз ықпалынан құтқару, суицидтен, зорлық-зомбылықтан құтқару жолдары сөз болды.

А.Аймағамбетов келтірген статистикаға сәйкес, облыста балалар зорлығы 30% -ға өскен. Мәселе ең алдымен зорлық және сексуалды сипаттағы зорлық туралы, ал мұндай жағдайдың 90%-ын оқушылардың таныстары жасайтын көрінеді.    
Білім басқармасының басшысы ата-аналарға балаларын мектепке шығарып салып, қарсы алуға, адамдар көп жүретін жарық көшемен жүруге, сабақ кестесін біліп отыруға кеңес берді.  

Онлайн-режиміндегі ата-аналар жиналысы облыста бірінші рет өтті, облыстың барлық 18 ауданы, шамамен мектептердің 90%-ы қатысты.

adimage