Білім саласының қызметкерлері 1 маусымнан бастап жалақыны есептеудің жаңа кестесі бойынша алуды бастайды

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың сөзіне сілтеме жасаған ҚР премьер-министрінің сайтынан. .
«Білім беру ұйымдары қызметкерлері жалақысын 10-нан 30%-ға дейін сараланған түрде ұлғайту жоспарлануда...Бюджет саласының аз жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бағытталған бөлінген қаражаттың 75% білім саласына жұмсалады», - деп мәлім етті Шәмшидинова дүйсенбіде ҚР үкіметі алаңында баспасөз мәслихаты барысында.
Оның ақпарынша, коэффициенттер кестесі білім беру деңгейіне, біліктілікке, жұмыс жағдайына қарай: негізгі буындағы қызметкерлерге: колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының педагогтары; көмекші қызметкерлер: балабақшалардағы бала бағушылар, мекемелерді тазалайтын қызметкерлерге, аула тазалаушыларға, күзетшілерге; басқарушы: колледж, мектептер басшылары, балабақша меңгерушілеріне қатысты болады.
Бұл ретте Шәмшидинова 2018 жылдан бастап 208 мың мұғалім (70%) білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 30%-дық қосымша ақы, біліктілік сынақтарын сәтті тапсырған 60 мың мұғалім — 30-50% үстеме ақы алатынын атап өтті..
«Тестілеуге педагогтар жылына екі рет – мамыр және қараша айларында қатысады. Үш жыл ішінде біліктілік арттыру курстарынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың психолог және сынып жетекшілері, 15 мың колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкері, 2,4 мың ЖОО оқытушылары өтеді», — деді Шәмшидинова.
Оның айтуынша, мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, АT-дағдыларды дамыту, жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар жалғасады.
Оның ақпарынша, ТжКББ және жоғары білім жүйесінде білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді ескере отырып жалғасады.
Сонымен қатар, студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының тапсырмаларын орындау үшін волонтерлік ваучер жүйесін енгізу басталады: 25 сағатқа — 25 мың теңге және екі кредитті қайта тапсырып, 50 сағатқа — 50 мың теңге алып, 5 кредитті қайта тапсырады.

adimage