"БИПЭК АВТО" компаниялар тобы басшыларының бірі Прагада ұсталды

  Астана.5 желтоқсан.ҚазТАГ- "БИПЭК АВТО" компаниялар тобы басшыларының бірі Прагада ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
   «Чехия астанасы Прагада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық қылмыстар департаменті іздеу салған "АЗИЯ АВТО – БИПЭК АВТО" компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды»,- деп дүйсенбі күнгі хабарламада.
   Сонымен қатар, Германияның Унтершлайсхайм қаласында Telegram қосымшасы арқылы психотроптық заттарды өткізгені үшін іздеуде жүрген 22 жастағы қазақстандық ұсталды.
«Владивосток қаласында Шымкентте жасаған ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттері үшін іздеуде жүрген 36 жастағы қазақстандық ұсталды. Алаяқ автокөлік сатып алушыларға өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың көліктері іздеуде жүргенін айтып алдаған. Мәселені шешу үшін адамдардан ақша алып, кейіннен жасырынып отырған»,- деп мәлімдеді ІІМ.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта барлық фигуранттар қамауда, оларды Қазақстанға жеткізу туралы мәселе шешілуде.

adimage