Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Бір айда Қазақстан Ұлттық банкінің алтынвалюталы резерві $28,8 млрд сомадан $29,5 млрд сомаға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.
«ҚРҰБ алтынвалюталы резерві 1 қарашада алдын-ала ақпар бойынша $29,5 млрд. құрады» - деді дүйсенбідегі сенат отырысында Досаев.
Сонымен қатар, ол $59,9 млрд көлеміндегі Ұлттық қор активтерін қоса алғанда жалпы халықаралық резервтің $89,4 млрд. құрағанын атап өтті.
Еске салсақ, 14 қазанда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық Банктің 1 қазандағы алтынвалюталы резерві, алдын-ала ақпар бойынша $28,8 млрд құрағанын, сөйтіп жыл басынан бері 6,8% немесе $2,1 млрд төмендегенін айтты. Сонымен қатар, ол жалпы халықаралық резервтің төмендегенін жеткізді: жыл басынан бері $59,4 млрд көлеміндегі Ұлттық қор активін қоса алғанда 0,8% төмендеп, $88,2 млрд құраған.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51