Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар пневмониядан 21 адам көз жұмды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус белгісі бар пневмониядан 21 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2 тамызда коронавирусты инфекция белгісі бар пневмонияның 798 ПТР жағдайы және 21 адам өлімі тіркеліп отыр», - деп хабарлады дүйсенбіде денсаулықминінен.
Соңғы ресми ақпар бойынша, Қазақстанда COVID-19 дертінен 793 адам көз жұмған, 92 662 адам жұқтырған, 62 511 адам жазылған.

adimage