Бір жылда Қазақстанда орташа атаулы табыс 0,7% төмендеген

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ- 2018 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы табысы 174 642 теңгені құраған, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
«2018 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы табысы 174 642 теңгені құрап, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,7% төмендеді», - делінген ведомство ақпарында.
Статақпарға сәйкес, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы табысы бағалау бойынша 2018 жылғы қарашада 95 152 теңгені құраған, бұл 2017 жылғы қарашадағыдан 6,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% өскен.

adimage