Бірде-бір қазақстандық әуежай әлемдегі үздік жүздікке енген жоқ

Күні: 18:07, 28-03-2019.

Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ - Бірде-бір қазақстандық әуежай әлемдегі үздік жүздікке енген жоқ, деп хабарлады World Airport Awards.
Әлемнің үздік әуежайы ретінде сингапурлық Чанги, токиялық Ханеда және сеулдік Инчон әуежайлары танылды. ТМД әуежайларының қатарынан тізімге екі мәскеулік әуежай – Шереметьево (63-орын) және Домодедово (80-орын), сондай-ақ Баку қаласындағы әуежай (58-орын) енген. Бакудегі Гейдар Алиев ат. әуежай Ресей мен ТМД-дағы үздік әуежай болып танылған. Екатеринбург әуежайы топ-100 тізіміне енбеді, бірақ Ресей мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды. Ал Үндістанның/ Орталық Азияның үздік әуежайы – Нью-Делидегі Индира Ганди ат. әуежай болды. Ресей мен ТМД-дағы әуежайдың үздік қызметкерлері болып Казань халықаралық әуежайының қызметкерлері танылды. Үндістан /Орталық Азия бойынша – Хайдарабадтағы Раджив Ганди әуежайының қызметкерлері. Осы әуежай Үндістандағы/Орталық Азиядағы үздік өңірлік әуежай болды.
Сонымен қатар, үздік транзиттік әуежай, тамағы, қонақ үйі, қауіпсіздігі, вэб-сайты, жүкті жеткізуі үздік, ең таза әуежайлар да анықталды. Бұл тізімге де Қазақстандағы әуежайлар кірмей қалды.


Жаңалықтармен бөлісу: