Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясының кірісі 2,7 есе түсті

Күні: 12:37, 27-09-2019.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Бірінші жартыжылдықта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кірісі 2,7 есе түсті, делінген Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтындағы компанияның қаржылық есептілік шолуы бойынша «Эрнст энд янг» ЖШС есебінде.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ таза кірісі («ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы) 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,7 есе түсіп, Т6,4 млрд. құрады», - делінген құжатта.
Есепті кезеңде салық салынғанға дейінгі кірісі 2,5 есе түсіп, Т7,8 млрд. жеткен.
Пайыздық емес шығындары 1,4 есе артып, Т2,7 млрд болған. Бұл ретте қызметкерлер шығыны 1,4 есе артып, Т1,8 млрд болған.
Таза пайыздық кірісі екі есе төмендеп, Т10,6 млрд болған.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ активтері бірінші жартыжылдықта 28,6% өсіп, Т478,8 млрд. болған, ақшалай қаражаты 10,8% қысқарып, Т63,2 млрд дейін жеткен, клиенттер несиесі – 29,3% өсіп, Т342,8 млрд.болған.
Есепті кезеңдегі міндеттемелер 1,5 есе артып, Т330,2 млрд. болған. Қор капиталы 1,8% қысқарып, Т148,6 млрд. жеткен.


Жаңалықтармен бөлісу: